«Сарбаз бен ата-анасы көз жұмды»: Абай облысында қайғылы жағдай болды

/
«Сарбаз бен ата-анасы көз жұмды»: Абай облысында қайғылы жағдай болды
istockphoto

Абай облысында демалыстан әскери бөлімге бара жатқан сарбаз бен оның ата-анасы көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы 2025 жылғы 28 маусымда Аягөз гарнизонындағы әскери бөлімдердің бірінің мерзімді әскери қызметшісі және оны сейілдемеден әскери бөлімге алып келе жатқан ата-анасы жол апаты салдарынан қаза тапқанын зор күйзеліспен хабарлайды», - деп жазылған хабарламада.

Аталған факті бойынша уәкілетті органдар тергеу шараларын жүргізіп жатыр.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, тиісті көмек көрсетілетінін жеткізді.

«Қаза тапқандардың денесін тұрғылықты жеріне жеткізу үшін әскери борт бөлінді», - деп хабарлады ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары