Алматы маңындағы Сайран көлінде тағы бір қайғылы оқиға тіркелді, деп хабарлады turkystan.kz.
Бүгін сағат 19:26-да судан 1977 жылы туған ер адамның мәйіті шығарылды. Бұл туралы Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жариялады.
Куәгерлердің айтуынша, ол мас күйінде болған және шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен.
Айта кетейік, Сайран көлінде кәмелетке толмаған бала суға батып кеткен еді.