Сайран көлінде кәмелетке толмаған бала суға батып кетті (ВИДЕО)

/
Сайран көлінде кәмелетке толмаған бала суға батып кетті (ВИДЕО)

Алматыдағы Сайран көліне батып кеткен кәмелетке толмаған баланың денесі табылмай жатыр, деп хабарлады turkystan.kz.

Оқиғаны қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растаған.

Алдын ала мәліметке сүйенсек, суға екі бала түскен. Солардың бірі жағаға өздігінен шықса, екіншісі әлі табылмай жатыр.

Оқиға орнына дереу полиция мен құтқару қызметі жұмылдырылып, іздестіру жұмыстары басталды. Қазіргі уақытта құтқарушылар мен тәртіп сақшылары жоғалған баланы табу үшін жұмыстарын жалғастыруда. Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеріс жүргізілуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары