«Алтын белгі» төсбелгісін алуға барған Тоқтар Серіковтың ұлы сынға қалды (ВИДЕО)

/
«Алтын белгі» төсбелгісін алуға барған Тоқтар Серіковтың ұлы сынға қалды (ВИДЕО)

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиеваның тұңғыштары мектеп бітірді, деп жазды turkystan.kz.

Әнші жұп отбасылық қуанышы жайында әлеуметтік желіде жазып, мектеп бітіру салтанатты іс-шарасынан видео жариялаған. Видеоны көрген желі қолданушылары әншінің ұлы Беколжастың көзілдірік тағып, сағыз шайнап шыққан сәтін сынға алған. Ал Тоқтар Серіков баласының бұл қылығын ақтауға тырысқан.

«Көп рақмет құттықтауларыңызға. Баршаңыздың балаларыңызға бүйырсын. Балапаным қуанғаннан аузындағы сағыз бен көзіндегі көзілдірікті де ұмытып кетіпті. Балада тәртіп пен білім болмаса оған «Алтын белгіні» кім берсін?! Өзінің адал еңбегі. Аллаға шүкір! Ұстаздарымызға мың алғыс! Беколжасыма көп рақмет. Тіл көзден аман болсын. Балапаным ақ жол! Арманың орындалсын. Алла жар болсын», - деп жазды әнші.

«Аузында сағыз, көзінде көзілдірік. Оқушы сияқты болмай ма?», «Аттестат алатын бала мүғаліміңді сызып тұрған жоқ. Өркөкіректік басым болып тұр», «Неге осы шіреніп кетеді жап жас болып? Мұғалімнін қолын алғанда көзілдірігін шешіп кұрмет көрсету қиын ба? «Алтын белгі» құтты болсын, бірақ сыйлау жағы ұяттау сияқты» деп жазды кейбір желі қолданушылары.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары