«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.
20 қарашада Көкшетау, Павлодар, Астана, Алматы, Жезқазған, Теміртау, Қарағанды, Талдықорған, Өскемен және Риддер қалаларында атмосферада ластаушы заттардың жиналуына қолайлы метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.