Кәсіби психологтарға баратындарға қарағанда құ­ма­лақшы, көріпкелдерді аралайтындар 100 есе көп – психоаналитик Анна Құдиярова

Кәсіби психологтарға баратындарға қарағанда құ­ма­лақшы, көріпкелдерді аралайтындар 100 есе көп – психоаналитик Анна Құдиярова
жеке мұрағаттан

Психоаналитик Анна Құдиярова Қазақстанда психо­лог­тарға баратындарға қарағанда балгер, құ­ма­лақшы, көріпкел аралайтындар көп екенін айтады.

"Адам қай жерде өмірге келсе де, нә­сі­ліне, ұлтына, жынысына, жасына қарамастан, ауырдың үсті, жеңілдің астымен өмір сүргісі келеді. Өйткені сәби өмірге келген сәттен бастап ол үшін бәрін үлкендер жасайды. Қар­ны ашса емізеді, ауырса дәрі береді, «кәк» ет­се жөргегін ауыстырады. Осындайға үй­рен­ген бала өскенде де солай болғанын қа­лап тұрады. Алайда өмірде олай болмайды. Біз­дің қоғамда осы түсінікпен өмір сүре­тін­дер, жасы жер ортасына келсе де айна­ла­сынан, мемлекеттен, қоғамнан бірдеңе кү­те­тіндер көп. Сондықтан болар, психо­лог­тарға баратындарға қарағанда балгер, құ­ма­лақшы, көріпкел аралайтындар жүз есе көп шығар. Ал кәсіби психолог, психоана­литик­терге баратындар саны аз. Алайда бізге өмі­рін өзгертем деп шешім қабылдаған ересек тұлғалардың келетіні қуантады. Балгер, құ­малақшы, инфосығанды іздейтіндер әлі бала көзқарасындағылар. Мысалы, экстрасенс «Ма­ған бір рет қана келесің, 300 мың теңге бере­сің. Сосын бақытқа жетесің», «Күйеуіңді қай­тарып беремін», «Нашақор балаңды ем­деп беремін» дейді. Аяқ асты бәрі өзгеріп ке­теді деп ойлайтындар осындай шарла­тан­дарға сенеді. Мұндай жандар бізден де осын­д­ай сиқырлы таяқшаны күтеді.  
Жақында маған 37 жастағы нашақор, лу­доман жігіттің ата-анасы хабарласты. «Не сұрасаңыз да берейін, осы баламды емдеп беріңізші» деді. Ең алдымен, ол жігіт өзінің қа­лауымен келуі керек. Екіншіден, адамды аз уақытта өзгерту мүмкін емес. Оған жыл­дар қажет. «Мен балаңызбен танысайын, сөйлесейін. 3-4 жылда жақсы жаққа өзгерсе, сол үлкен жетістік» дедім. Шындық осы. Алайда тез нәтижеге жеткісі келетіндер бізді іздемейді. Тұлға ретінде қалыптасқан, ғы­лымға сенетіндер келеді негізінен. Мәселен, сіздің қанша ақшаңыз болса да бір күнде үй сала алмайсыз. Жерін тегістейсіз, іргетасын қалайсыз, қабырғасын өретін кірпішін ала­сыз, терезесін саласыз, шатырын жабасыз. Адам­ның тұлғалық дамуы да осылай жүреді. Ал біреудің тұлғасын екінші адам тіпті де жасап бере алмайды", – дейді білікті маман.

Ересектер, неке, отбасы мәселелері бойынша маңызды сұрақтарға жауап берген психоаналитик Анна Құдиярованың толық сұхбатын мына сілтеме арқылы оқиы аласыз.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары