Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду кеше Ұлттар лигасының финалында Испанияға қарсы ойынның соңында алған жарақатына қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кеше Португалия футболшылары финалда Испания құрамасын 2:2 есебімен тең түскен болатын. Алайда пенальти сериясы бойынша 5:3 есебімен Роналду бастаған топ жеңіске жетіп, турнирдің екі дүркін жеңімпазы атанды. Роналду финалда 1 гол соқты, алайда жарақатына байланысты 88-минутта басқа ойыншыға алмастырылды.
«Мен ойын алдындағы жаттығу кезінде өзімді жайсыз сезінгенмін. Сосын бұл ойын кезінде де білінді. Алайда ұлттық құрама үшін аяғымды сындыруға тура келсе, сындырар едім.Бұл – титулға талас үшін кездесу. Мен бар күшімді сарп еттім. Шамам жеткен жерге дейін бардым. Әрі мен гол соғып командаға көмектестім», – дейді 40 жастағы ойыншы Record басылымына берген сұхбатында.