Қазақстандық екі төреші күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрелік етеді

/
Қазақстандық екі төреші күрес түрлерінен әлем чемпионатында төрелік етеді
Игорь Лигайдың жеке парақшасынан

Қазақстандық екі төреші алда күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатында қызмет атқарады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Біріккен күрес әлемі (UWW) 2025 жылы Хорватияның Загреб қаласында өтетін әлем чемпионатына төрешілерді тағайындады. Ұйым жариялаған тізімге Қазақстаннан екі төреші енді. Алдағы әлем біріншілігінде белдесулерді Игорь Лигай мен Ерік Жұмабеков жүргізетін болады. Әлем чемпионаты 13–21 қыркүйек аралығында өтеді. Айта кетейік, өткен жылы қазақстандық мамандар Парижде өткен Олимпиада ойындарына төреші ретінде шақырылған болатын.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары