Адамдардың 72 пайызы айдың небәрі 19 күнінде өзін сау сезінеді – зерттеу

/
Адамдардың 72 пайызы айдың небәрі 19 күнінде өзін сау сезінеді – зерттеу
сурет: istockphoto.com

Жаңа зерттеу нәтижесіне сәйкес, адамдардың көбісі, яғни 72%-ы өздерін толыққанды сау сезінбейді. Олар ай сайын орта есеппен тек 19 күн ғана сергек жүретінін айтады. Қалған күндері шаршау, бас ауруы, ас қорыту бұзылыстары мен эмоционалдық күйзелістермен өмір сүреді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл сауалнаманы Talker Research зерттеу компаниясы Doctor’s Best бренді тапсырысымен жүргізген. Нәтижесінде, тек әрбір төртінші адам ғана өзін үнемі сау сезінетінін айтқан.

Гастроэнтеролог, доктор Али Резаи The Post басылымына берген сұхбатында бұл жағдайдың салдары тек физикалық емес, психологиялық жағынан да ауыр болуы мүмкін екенін ескертті. Оның айтуынша, іштің кебуі, мазасыздық, тұрақсыз асқорыту сынды белгілерді қалыпты нәрсе деп қабылдау – ішек ауруларының, целиакия немесе тіпті обыр секілді ауыр диагноздардың кеш анықталуына әкеп соқтыруы мүмкін.

Мамандар күнделікті шаршауды елемей, денсаулыққа мән беруге шақырады: «Созылмалы жайсыздықты қалыпты жағдай ретінде қабылдамаңыз, бұл ескерту белгісі болуы мүмкін».

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары