Зейін қоюға, тынығуға, ұйықтауға көмектеседі: Apple миға әсер ететін 426 әуен шығарды

/
Зейін қоюға, тынығуға, ұйықтауға көмектеседі: Apple миға әсер ететін 426 әуен шығарды
сурет: istockphoto.com

Apple компаниясы мидың жұмысын жақсартуға арналған 426 музыкалық трек ұсынды. Олар зейінге, демалуға немесе ұйықтауға көмектеседі, деп хабарлайы turkystan.kz apple.com-ға сілтеме жасап. 

Әрбір трекке арнайы жиілік енгізілген: зейін қоюға – гамма, тынығуға – тета, ал ұйықтауға дельта толқындары мен «қызғылт шу» қолданылған.

Бұл – миды ырғақпен синхрондауға негізделген тәсіл. Ғылымда оны энтрейнмент деп атайды. Ол когнитивті терапияда кеңінен қолданылады. Ең жақсысы – бұл тректерді тегін тыңдауға болады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары