Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне сөз салды

/
Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне сөз салды
Коллаж: Turkystan.kz

Белгілі әнші Сәкен Майғазиевтің ұлы сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп хабарлады turkystan.kz.

27 жастағы Әділеттің таңдауы 21 жастағы Әдия Мәулен есімді аруға түскен.

«I said yes! 05.05.2025», - деп жазды Ә. Мәулен әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, бұған дейін жаңаөзендік ару әншінің ұлымен қалай танысқандарын айтып берген болатын.

«Әділетпен бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Бірақ нақты жүргенімізге 9 ай болады. Жас айырмашылығымыз – 6 жас. Жаңаөзенде туғанмын. Кейін Ақтау қаласына көштік. Қазір Алматыда тұрып жатырмыз. Мамандығым – қонақ үй бизнесі. Колледж бітіргенмін. Болашақта ЖОО-ға түскім келеді. Енемен тұруға қатысты көзқарасым – бейтарап. Маған көп адам болып шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сондықтан ене тақырыбын жақсы түсінемін», – деді Әдия Мәулен.  

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары