«Реал Мадрид» пен Франция құрамасының шабуылшысы Килиан Мбаппе Примераның 34-турындағы «Сельтаға» қарсы матчта (3:2) дубль авторы атанды, деп хабарлады turkystan.kz порталы Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.
Француз шабуылшысы корольдік клубтағы алғашқы маусымында гол соғу көрсеткіші бойынша аңызға айналған Криштиану Роналдудың жетістігін артта қалдырды.
52 ойыннан кейін Мбаппенің еншісінде 36 гол бар. Айта кетейік, Роналду Мадрид клубындағы алғашқы маусымында 33 гол соққан еді.