Үлкен қауіп: Дипфейктер енді адамның тыныс алуы мен тамыр соғысын да қайталай алады

/
Үлкен қауіп: Дипфейктер енді адамның тыныс алуы мен тамыр соғысын да қайталай алады
сурет: istockphoto.com

Жасанды интеллект күннен-күнге шынайы сипатқа ие болып барады: енді дипфейктер адамның тамыр соғысын да дәлме-дәл көшіреді. Зерттеушілердің айтуынша, бұл әсер күтпеген жерден пайда болған, алгоритмдер бастапқы видеолардан биосигналдарды байқамай үйреніп алған. Бұл туралы PetaPixel жазды.

Бұрын тек бет әлпетін, эмоцияны және дауысты айнытпай салып келген дипфейк технологиясы енді жаңа деңгейге өтті. Жаңа буын жасанды видеолары терідегі микроөзгерістерді, тамыр соғысы әсерінен болатын көзге көріне бермейтін қозғалыстарды қайталайды.

Ғалымдар енді жасанды және нақты видеоны ажырату адам көзімен де, арнайы бағдарламалармен де қиындай түсетінін айтып, дабыл қағып жатыр. Бұл бір жағынан технология жетістігі болса, екінші жағынан ақпараттық қауіпсіздікке үлкен сын болмақ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары