Ламин Ямаль Чемпиондар лигасының тарихын жаңартты. Ол лиганың жартылай финалында жаңа жас рекордын тіркеген футболшы атанды.
«Барселона» ойыншысы Чемпиондар лигасы жартылай финалындағы миландық «Интер» (3:3) командасына қарсы ойында 24-минутта гол соқты. Ол уақытта оның командасы 0:2 есебімен жеңіліп жатқан болатын.
Ямальдің жасы – 17 жас және 291 күн.
Opta-ның мәліметінше, Ямаль Чемпиондар лигасының жартылай финалында гол соққан ең жас ойыншы атанды. Сөйтіп ол бұл көрсеткіш бойынша француз футболшысы Килиан Мбаппені басып озды. Мбаппе 2016/17 жылғы маусымда Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Ювентус» командасына гол соққан кезде 18 жаста болатын.