Смайликтерді жиі қолданатын ер адамдар нарцис, манипулятор және тұрақсыз болуы мүмкін

/
Смайликтерді жиі қолданатын ер адамдар нарцис, манипулятор және тұрақсыз болуы мүмкін
сурет: istockphoto.com

Оклахома штаты университетінің ғалымдары эмодзилерді жиі қолданатын адамдарда психопатия, нарциссизм және макиавеллизм сияқты жағымсыз тұлғалық қасиеттер болуы мүмкін екенін анықтады. Әсіресе бұл ер адамдарға тән.

Зерттеу барысында сарапшылар эмодзи қолданудың «қараңғы үштік» деп аталатын үш жағымсыз қасиетпен байланысын зерттеген. Атап айтқанда, бұл — психопатия (басқалардың сезіміне немқұрайлы қарау), нарциссизм (өзін тым жақсы көру) және макиавеллизм (өз мақсатына жету үшін басқаларды манипуляциялау ниеті).

Мамандардың айтуынша, «эмодзи қолдану басқаларға жақсы әсер қалдырудың және өзін жағымды етіп көрсету стратегиясының бір түрі болуы мүмкін». Бұл арқылы адамдар өздерінің шынайы болмысын жасырып, өзгелердің қабылдауына әсер етуге тырысады.

Зерттеуге орташа жасы 20-ға жуық 285 студент қатысқан. Қатысушылар 40 танымал эмодзиді қаншалықты жиі қолданатынын бағалауға тиіс болды. Зерттеу нәтижесінде дәл осы 40 эмодзидің жиі қолданылуы жеке тұлғаның жағымсыз қырларымен тікелей байланысты екені анықталды.

Ғалымдар бұл тақырыпты әрі қарай зерттеудің маңызын айтып отыр. Ал сіз жиі эмодзи қолданасыз ба?

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары