Қылмыстың алдын алу маңызды

/
Қылмыстың алдын алу маңызды

Түркістан облысында полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында тұрғындарға     1 500-ден астам жадынама таратты.

Тәртіп сақшылары халық арасында ин­тернет-алаяқтық тәуекелдері мен оның ал­дын алу, азаматтарды алаяқтардың әр­е­кеттерінен қорғау және желідегі қауіп­сіз­дік­ті қамтамасыз ету тәсілдері туралы ха-­б­ар­дар етуге бағытталған іс-шараларды бел­­­­сенді түрде жалғастыруда. Мәселен, Арыс ауданының полицейлері білім беру мекемелері мен ұйымдарында, қоғамдық орын­дарда түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Тұр­ғындарға интернет-алаяқтықтың түр­лері, схемаларын анықтау тәсілдері туралы жет­кізіп, 1 500-ден астам ақпараттық жа­ды­­нама таратты. Негізгі мақсат — ха­лық­тың, әсіресе алаяқтардың құрбаны болатын жас­тар мен қарттардың құқықтық сауат­тылық деңгейін арттыру. Құқық қорғау қыз­­меткерлері азаматтарға жеке дерек­те­рін, банк карточкаларының кодтарын бөг­де адамдарға жария етпеуді, сондай-ақ кү­мәнді сілтемелер бойынша өтпеуді ес­кертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары