«10 жыл ақша жинаған»: Ер адамның су жаңа феррариі сатып алғаннан кейін өртеніп кетті

/
«10 жыл ақша жинаған»: Ер адамның су жаңа феррариі сатып алғаннан кейін өртеніп кетті

Жапониялық азамат армандаған Ferrari көлігіне 10 жыл бойы ақша жинаған. Алайда алғашқы сапардан кейін бір сағат өтпей жатып, көлік толықтай жанып кеткен, деп жазды turkystan.kz.

Бұл туралы Oddity Central басылымы хабарлады.

33 жастағы Хонкон есімді азамат көптен күткен Ferrari 458 Spider маркалы көлігін сатып алып, Токиодағы Сюто жылдам жолымен алғашқы сынақ сапарына шығады. Жолда келе жатып, ол ақ түтінді байқап, алдымен оны жанындағы көліктен шығып жатыр деп ойлаған. Бірақ әлгі көлік алыстағанда, түтіннің өз көлігінен шыққанын түсінеді.

Жол шетіне тоқтаған Хонкон көліктен түсіп, өрт сөндірушілерді шақырады. Бірақ 20 минут ішінде оның арманына айналған көлік күлге айналып шыға келген,

«Мен Жапонияда мұндай жағдайға тап болған жалғыз адам шығармын. 43 миллион иен (шамамен 306 мың доллар) жұмсадым, ал қол жеткізгенім — тек бір сурет қана», – деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.

Жергілікті полиция департаменті көліктен соқтығыстың ізі табылмағанын хабарлады. Алдын ала болжам бойынша, өрт көліктің қозғалтқышынан шыққан. Тергеу әлі жалғасып жатыр.

Бөлісу: