сәрсенбі, 16 сәуір, 2025

Ғалымдар дабыл қақты: Адамдар нейрожеліге ғашық болып жатыр

/
сурет: istockphoto.com

Соңғы уақытта адамдар жасанды интеллектпен (ЖИ) эмоционалды байланыс орнатып, тіпті кейбірі оны махаббат деңгейіне жеткізуде. Бұл құбылыс барған сайын жиілеп бара жатыр және оның салдары аса қауіпті болуы мүмкін, дейді АҚШ-тың Миссури ғылым және технология университетінің психологтары.

Ғалымдардың айтуынша, ұзақ уақыт бойы чат-ботпен хат алмасқан адам оны шын түсінеді, қамқорлық танытады деп ойлайды. Себебі чат-бот ешқашан дауламайды, әрдайым сыпайы және көңіл бөлетіндей көрінеді. Адамдар мұндай «идеал» серіктеске сеніп қалады.

Алайда бұл сенім қауіпті болуы мүмкін. Зерттеулер көрсеткендей, жасанды интеллект кей сәттерде «галлюцинацияға» ұшырап, қисынсыз, кейде зиянды кеңес бере бастайды.

Бұл тек оғаш жағдай емес. Біз күнделікті адамдардың эмоцияны технологияға бағыттауының ұзақмерзімді психологиялық және этикалық салдарын әлі толық түсінген жоқпыз, – дейді зерттеушілер.

Психологтар бұл эмоционалды байланыстар адамның шынайы өмірдегі қарым-қатынасына әсер етіп, шындық пен қиял арасындағы шекараны жойып жіберуі мүмкін екенін ескертеді.

Мамандар адам мен технология арасындағы шекараны қайта қарастырып, жасанды интеллектпен қарым-қатынастың ережелері мен қауіпсіздік стандарттарын әзірлеу қажет екенін айтып отыр.

Бөлісу: