дүйсенбі, 14 сәуір, 2025

Отандық кәсіпкерлерді қорғау қажет

Қалыптасқан жағдайды айқын көрсететін мысалдардың бірі – шетелдік маркетплейстер.

Шетелдік маркетплейстер отандық өндірушілерге залал келтіріп жатыр. Бұл туралы экономистер жиі дабыл қағады. Экономист Сапарбай Жобаев жуырда арнайы мәселе көтерген болатын. 
Оның айтуынша, импортты реттеу әр­дайым бюджет кірісінің маңызды арна­лары­ның бірі. Бұл сектор бюджеттің толығуы­на ғана емес, отандық өндірушілердің мүдде­ле­рін қорғау тұрғысынан да ай­тар­лықтай маңыз­ға ие. 
Қалыптасқан жағдайды айқын көрсететін мысалдардың бірі – шетелдік маркетплейстер. Олар, өзге артықшылықтарымен қатар,         200 еу­роға дейінгі бағасы бар сәлемдемелерді ке­ден­дік баж салығынсыз әкелу құқығын пай­­да­ланады. 2023 жылы шетелдік маркетп­лейс­тер Қа­зақстанға жалпы құны 505 млрд тең­ге болатын тауар жеткізген, алай­да бюд­жет­ке не­бәрі 24 млрд теңге ғана салық төле­ген, бұл айна­лымның 4,8 пайызын ғана құрайды.
Сапарбай Жобаев Қазақстанда жұмыс істей­тін кез келген шетелдік маркетплейс міндетті түрде бәрімен тең түрде салық төлеуі керек деп есептейді.
– Әрине, біз ең алдымен, өзіміздің отан-дық кәсіпкерлерді қорғауы­мыз керек. Кез келген нәрсені сатып алған кезде салықтың төлене­тіні бел­гілі. Мысалы, қазір қарапайым дүкенге барып бір нәрсе сатып ал­саң, оған қосылған қосымша құн салығын төлейсің. Маркетп­лейс­тер де солай болу керек. Басында бәрі ер­кін болды. Енді жөнге салған дұрыс. Қазір билік блогерлерді, әншілерді жөнге салып жатыр ғой. Шетелдік маркетплейстер де шет қалмауы тиіс, –  дейді Сапарбай Жобаев.
Ол Temu, Amazon және AliExpress-терге қо­сымша құн салығын салу­ды ұсынған бола­тын. 
Айтпақшы, өзбек билігі отандық өнеркә­сіпті қорғау үшін Temu-ға рес­ми шектеу қоя­тынын мәлімдеді. 

Бөлісу: