Ақтауда жеті жастағы баланы көлік қағып кетті

/
Ақтауда жеті жастағы баланы көлік қағып кетті
Ашық дереккөзден

4 қараша күні Ақтауда баланы көлік қағып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

 Жол-көлік оқиғасы 26-шағынауданда болған. Оқиғаға қатысты түсініктеме Маңғыстау облысының полиция департаменті тарапынан берілді.

Полицияның мәліметінше, шамамен сағат 17:30 шамасында Lada маркалы автокөліктің жүргізушісі 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізілген.

Жүргізушіге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 610-бабы («Жол жүрісі қағидаларын бұзу, адамның денсаулығына зиян келтіру») бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары