жұма, 11 сәуір, 2025

Жасөспірімдердің эмоциялық жағдайы маңызды

сурет: istock.com

Психолог Сағым Нағашыбаева суи­цид­тің психикалық себептеріне деп­рес­сия, мазасыздық және басқа психикалық ауру­ларды жатқызады. Оның айтуынша, мұндай себептер балалардың эмоциялық күйіне теріс әсер етеді. Одан бөлек, отба­сын­дағы қарым-қатынастар, ажырасу не­месе зорлық-зомбылық та балаларға ауыр тиеді. 

Жан баласының өз-өзіне қол жұм­сауына психологиялық, эко­но­ми­калық, әлеуметтік және мәдени се­бептер де әсер етеді. 

Психолог Сағым Нағашыбаева суи­цид­тің психикалық себептеріне деп­рес­сия, мазасыздық және басқа психикалық ауру­ларды жатқызады. Оның айтуынша, мұндай себептер балалардың эмоциялық күйіне теріс әсер етеді. Одан бөлек, отба­сын­дағы қарым-қатынастар, ажырасу не­месе зорлық-зомбылық та балаларға ауыр тиеді. 
– Мектептегі зорлық-зомбылық не­месе академиялық қысымды да назардан тыс қалдыруға болмайды. Баланың дос­тарының болмауы, әлеуметтік қолдаудың жет­кіліксіздігі де балаларды жалғыздық сезіміне ұшыратады.  Қоғамдағы әлім­жет­тік жағдаяттарының  өршуі мектеп пен қоғамдық орындардағы балалардың өзін-өзі бағалауын төмендетеді және дәрменсіздік сезімін арттырады. Сондай-ақ әлеуметтік желілер мен интернет әле­міндегі ақпарат балалардың психо­ло­гиялық күйіне тікелей әсер етеді. Кә­ме­леттік жасқа толмаған жасөспірімдер зор­лық-зомбылық, буллинг сынды күр­делі жағдайларға тап болып жатады. Бұл жеткіншектердің ақыл-ойын бұзатын­дық­тан оның себептері мен алдын алу шара­ларын білу маңызды.  Ең бастысы, ба­ла­лар мен жасөспірімдердің эмоция­лық жағдайын бақылап, қолдау көрсету қажет, –дейді психолог. 
Жалпы, суицидке өмірінің мәнін жо­ғалтқандар жиі барады дейді маман­дар. Рухани әлсіз, психикасы тұрақсыз жан­дардың өлім жолын таңдауы оңай екен. Сонымен қатар болашаққа үміт­сіз­дікпен қарау, арман-мақсаттың болмауы, то­рығу, өмірден түңілу, қоғамнан шет­тетілу де адамға оңайға соқпайды.
– Ата-ананың балаға дұрыс көңіл бөл­­меуі, мейірімсіздік танытып, қатал­дық көрсетуі балаға кері әсер етеді. Отба­сын­дағы қаржылық мәселелер немесе тұр­мыстық жағдайлардың нашарлауы да не­гізгі себептердің бірі. Осы аталған фак­торлар терең зерттеуді қажет етеді. Осы орайда балаларға психологиялық қолдау көр­сету өте маңызды. Психикалық ден­сау­лықты нығайту, яғни балаларға әрбір мек­тепте психологиялық кеңес беріп, қол­дау көрсету керек. Эмоционалды тұ­рақ­тылықты дамытып, отбасылық қа­рым-қатынасты жақсарту, буллингке қар­сы шаралар қолдану арқылы қоғам­дық сананы арттырған жөн. Суицидтің алдын алу туралы ақпарат тарату және осы тақырыпты талқылау қажет. Сондай-ақ баланың ойлары мен сезімдерін тү­сіну үшін оның эмоционалды күйі тура­лы ата-ана ойлану керек. Денесінде бо­лып жатқан өзгерістерге назар ауда­рыңыз. Баланың салған суреттері немесе түс­кен суреттері оның ішкі әлемін көр­сете алады.  Егер сіз баланың суицидтік ойлар­ға бейім екеніне күмәндансаңыз, балалар психологына немесе пси­хо­тера­певтке хабарласыңыз. Баланың пси­хо­логиялық жағдайын уақытылы анық­тау және түзету, оның жағдайын жақсартып, өмірге қызығушылығын қалпына келтіре алады, – дейді Сағым Көпбайқызы. 
Балаларға уақытылы көмек көрсету олар­дың өмірін сақтауға көмектеседі. Бала­ның білімге құштарлығын арттыру, шы­ғармашылық қабілетін ояту өте маңыз­ды. Ең бастысы, ата-аналардың бала­лармен қарым-қатынасы олардың эмо­ционалды және психикалық ден­­­сау­лығына зор әсер ететінін ұмытпаған жөн. 
 

Бөлісу: