Актер Дәурен Серғазин ел естімеген сырын айтты

/
Актер Дәурен Серғазин ел естімеген сырын айтты
Фото ашық дереккөзден

Белгілі актер Дәурен Серғазин өзі бұрын-соңды түспеген жаңа жанрдағы фильмге қатысқанын айтып, алған әсерімен бөлісті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Актер бұл жобаның басында сенімсіздік тудырғанын жасырмаған.

"Қызық Times" бағдарламасының қонағы болған Дәурен Серғазин өзінің шығармашылық жолындағы тың жаңалықтармен бөлісті. Оның айтуынша, ол «Бақыттың құшағында» атты мюзикл жанрындағы кинофильмге түсіп, өзін мүлдем жаңа қырынан сынап көрген. Бұл жоба актер үшін тың тәжірибе болған.

Актер түсірілімнің бастапқы кезеңінде қорқыныш сезімі басым болғанын да жасырмайды.

"Бастапқыда бәрімізде күмән болды. Режиссердің алғашқы жобасы мюзикл болған соң, сенімділік аздау болды. Бірақ бұл жанр бізге өте қызық көрінді, сондықтан келістік. Түсірілім барысында да ерекше әсер алдық. Шәмші Қалдаяқовтың өмірі мен шығармашылығым өзара байланысып жатыр десем, артық емес. Бұған дейін мен Шәмші рөлін сомдаған кино түсіргенмін, онда әндерін жазып едім. Ал бұл жолы сол әндерді орындауға тура келді", – деп еске алды актер.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары