Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде қазақстандық «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» ойнап жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.
Кездесу барысында Дастан Сәтпаевқа төреші тарапынан ескерту ретінде сары қағаз көрсетілді.
Сондай-ақ, «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да жарақат алып қалды. Соған қарамастан, қауіпті шабуылды сәтті тойтарып, командасын голдан аман алып қалды.
Медициналық көмек көрсетілгеннен кейін Анарбеков алаңға қайта оралып, ойынды жалғастырды.