«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді

/
«Қайрат» Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді
Фото ашық дереккөзден

Алматылық «Қайрат» Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында Кипрдің «Пафос» командасымен кездесті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ойын «Орталық» стадионында өтті, оған ағылшын төрешісі Крис Кэванах бастаған қазылар алқасы төрелік етті.

Төртінші минутта-ақ Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы дөрекі ойнап, алаңнан қуылды.
Алаң иелері қарсыласты қыспаққа алып, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырды.
Ал тайм ортасында қонақтар алға шығып, Темірлан Анарбековке қақпасын бірнеше рет құтқаруға тура келді.

Екінші таймда қорғаушы Еркін Тапаловтың орнына шабуылшы Азамат Тұяқбаев шықты.
Осыдан кейін ойын қайта ширай бастағандай болды. Қарсыластың шабуылы да көбейді. Бірнеше рет Т.Анарбеков командасын голдан құтқарып қалды. Офри Арадтың да гол соғатын мүскіндігі болды. Оның айып алаңына еніп, тепкен добы қақпа бағанасына тиді.

Екі команда да жеңіске ұмтылды, алайда матч 0:0 есебімен тең аяқталды.
Осылайша қазақстандық клуб Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі.

Айта кетейік, 6 қараша күні «Қайрат» сырт алаңда Италияның «Интер» командасымен кездеседі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары