сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Семейде қараусыз қалған қоймадан өрт шықты

/
ТЖМ
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады

Семей қаласында Аймауытов көшесінде орналасқан бір қабатты қараусыз қалған қоймада өрт шықты. Тілсіз жау ғимаратты тез шарпып, жақын маңдағы коттеджге таралу қаупі туындады, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер жағдайды бақылауға алып, 220 шаршы метр аумақты шарпыған жалынды толығымен өшірді. Жақын маңдағы тұрғын үйді өрттен қорғау мүмкін болды.

Құтқару қызметінің мәліметінше, оқыс оқиғадан ешкім зардап шекпеген. Қазіргі уақытта өрттің шығу себептері анықталуда.

Бөлісу: