сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Щучинскіде моншадағы жарылыстан ер адам көз жұмды

/
istockphoto.com
Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр

Ақмола облысы, Щучинск қаласында моншада жарылыс болып, бір адам қайтыс болды, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Щучьедегі моншалардың бірінде қазандық жарылған. Бірақ оқиға орнына төтенше жағдайлар мамандары шақырылмаған.

"Салдарынан 1962 жылы туған ер адам будан термиялық күйікпен ауруханаға жеткізілген. Өкінішке орай ол ауруханада қайтыс болды", - дейді ведомство.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар жасалып жатыр.

Бөлісу: