сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Алматы облысында шиналар шығаратын зауытта ірі өрт шықты

/
ТЖМ
112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ

Алматы облысы Жаңалық ауылында резеңке шиналар шығаратын зауытта өрт болды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, дәл қазіргі сәтте Алматы облысының өрт сөндірушілері Талғар ауданына қарасты Жаңалық ауылындағы резеңке шиналар шығаратын зауыттағы өртті сөндіріп жатыр.

Оқиғаның мән-жайы анықталуда. 112 нөміріне зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

ТЖМ жариялаған кадрлардан резеңкенің қатты жанып жатқанын көруге болады. Оқиға орнында қалың қара түтін түзіліп, өрт сөндірушілер жалынды ауыздықтауға күш салуда.

“Өртті сөндіру жоғары температура мен үлкен өрт жүктемесіне байланысты қиындық тудыруда”, – делінген хабарламада.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер күшейтілген тәртіпте жұмыс істеуде.

Бөлісу: