Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ
Семей қаласында астық сақтау қоймасында өрт шықты. Оқиғаға байланысты жоғары дәрежелі өрт сөндіру дабылы берілді.
Қазақстанның ТЖМ мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндірушілер А. Чехов көшесінде орналасқан нысандағы өртті сөндіруге кіріскен.
“Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дайындық режимінде жұмыс істеп жатыр”, – делінген ресми хабарламада.
Ведомствоның баспасөз қызметі оқиға орнынан видео кадрлар жариялады.
Өртті сөндіруге 23 техника мен 65 құтқарушы жұмылдырылды, сондай-ақ өрт сөндіру пойызы тартылды.
ТЖМ нақтылаған мәліметке сәйкес, дән өңдеу кәсіпорны аумағында күнбағыс тұқымының сығындысы сақталған қойманың шатыры өртеніп жатыр.
“Қазіргі уақытта өртенген құрылымдарды бөлшектеу және су құю жұмыстары жүргізілуде”, – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.