Алматы қаласында жеке тұрғын үй өртке оранды

/
Алматы қаласында жеке тұрғын үй өртке оранды
Ашық дереккөз
Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр

Алматы қаласы, Алатау ауданындағы Биянху көшесінде аумағы 150 шаршы метрді құрайтын жеке тұрғын үйде үлкен аумақты алған өрт шықты, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.

Бүгін түнде Алматы қ. Алатау ауданы Биянху көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына жедел түрде өрт сөндірушілер келіп, өртті 150 ш.м. алаңда сөндірді, – делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ, себебі анықталып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары