147
Жағымсыз жаңалық: жаңа әдет қалыптастыру үшін 21 күн жеткіліксіз
Жаңа әдет қалыптастыру үшін 21 күн жеткіліксіз болып шықты.
Зерттеулер көрсеткендей, бұл процесс шын мәнінде 66 күнді алады, ал оны толық бекітуге 335 күн қажет болуы мүмкін.
Мұндай деректер 2 600 адамның қатысуымен жүргізілген зерттеу барысында анықталды.
Зерттеуге қарасақ, таңертең істелетін шаруаларды әдетке айналдыру оңайырақ: егер іс-әрекет ұнаса, оған үйрену жеңіл болады. Ал жаңа әрекеттерді саналы түрде жоспарлау маңызды: бұл оларды сақтау мүмкіндігін арттырады.