Қарағандыдағы өрттен кейін ер адам ауруханаға жеткізілді

1950 жылы туған пәтер иесі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді

Қарағандыдағы өрттен кейін ер адам ауруханаға жеткізілді
ТЖМ
165

Бүгін, 26 қаңтарда таңертең Қарағанды қаласындағы Назарбаев даңғылында орналасқан бес қабатты үйдің бір пәтерінде өрт шықты. Пәтер иесі ауруханаға жеткізілді.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт екінші қабатта болған. 7 шаршы метр аумақта заттар мен жиһаз өртенген.

«Баспалдақ маршымен арнайы құтқару қалпақтары арқылы екі адам құтқарылды, тағы төрт адам эвакуацияланды», – деп хабарлады ведомство.

1950 жылы туған пәтер иесі күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Тағы екі тұрғынға ТЖМ-нің Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлерінің шұғыл көмегі қажет болды.

Серіктес жаңалықтары