Ақтөбе қаласындағы автобазарда орналасқан көлікке техникалық қызмет көрсету стансасы өртенді, деп хабарлады Ақтөбе облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, хабарлама сағат 14:33-те түсті. Өрт сағат 15:04-те сөндірілді. Өрттің ауданы – 120 шаршы метр.
Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында газ баллоны жарылмады, өрт таралмады. Өрт салдарынан екі жеңіл автокөлік жанып кетті, екі автокөлік оттың қызуынан зақымданған. Адамдар дін аман, – делінген хабарламада.