сенбі, 19 сәуір, 2025

Қысқы Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды

/
Қысқы Универсиада: Никита Акимов ел қоржынына үшінші алтынды салды
Спортты дамыту дирекциясы
Қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар

Туриндегі қысқы Универсиада ойындарында отандасымыз биатлоннан ерлер арасындағы сайыста (10 км) алтынға қол жеткізді, деп хабарлады Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз қызметі.

Мәлімет бойынша, Турин универсиадасында Биатлоннан ерлер арасындағы 10 шақырым қашықтықта Никита Акимов жеңіс тұғырынан көрінді. 

Айта кетейік, қазіргі таңда Қазақстан құрамасының еншісінде 3 алтын, 4 күміс, 2 қола медаль бар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары