"Авиациядан 100 миллион тоннаға артық": Cмартфондар жылына 580 млн тонна CO₂ бөледі

"Авиациядан 100 миллион тоннаға артық": Cмартфондар жылына 580 млн тонна CO₂ бөледі
сурет: istockphoto.com
239

iPhone планетаны "құртып жатыр", себебі смартфондар жылына 580 млн тонна CO₂ бөледі, деп жазды dailymail.com.

Ақпаратқа сүйенсек, смартфондар, cоның ішінде iPhone, қоршаған ортаға айтарлықтай зиян келтіріп жатыр. Сарапшылардың мәліметінше, әлемдегі смартфон өндірісі жылына 580 миллион тонна көмірқышқыл газын (CO₂) бөліп шығарады. Бұл көрсеткіш дүние жүзіндегі авиацияның шығарындыларынан 100 миллион тоннаға көп.  

Бір iPhone өндіруге 70 кг табиғи ресурс жұмсалады, ал одан бөлінетін көміртек автокөлікпен 6 ай бойы жүргендегі шығарындыларға тең. Бұл ғаламдық жылыну процесін күшейтіп, экологиялық проблемаларды одан сайын ушықтырады.

Ғалымдар ғаламдық жылыну Ресейдегі мұздықтардың еруіне және ауа райының аномалиялық құбылыстарының жиілеуіне әсер етіп жатқанын айтады. Смартфондардың зиянын азайту үшін өндірушілерге экология мәселесін назарға алу күн тәртібіне шықпақ.  

Серіктес жаңалықтары