Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алдын ала тергеу жұмыстарын бастады

Ақмола облысында өрттен екі бала қаза тапты
gov.kz
269

Ақмола облысы Бұланды ауданындағы Шұбарағаш ауылында жеке тұрғын үй өртенді. Өрт салдарынан 2017 және 2021 жылдары туған екі бала түтіннен улану салдарынан қаза тапты, деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

“Төтенше жағдайлар департаментінің жедел нөмірлеріне қоңырау түскен жоқ. Өртті куәгерлер сөндірген,” – делінген хабарламада.

Өрттің себептерін облыстық ТЖД-ның өртті зерттеу сынақ зертханасының қызметкерлері анықтап жатыр.

Бұланды ауданының төтенше жағдайлар бөлімі алдын ала тергеу жұмыстарын бастады.

Серіктес жаңалықтары