ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

/
ҰҚК Нұрлан Жақыпов пен Елжас Отыншиевтің ұсталғанын растады

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшысы Елжас Орыншиев сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

ҰҚК мәліметінше, күдіктілер 12 қарашада уақытша ұстау изоляторына қамалған. Екі күннен кейін, 14 қарашада тергеу сотының санкциясымен оларға қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалған.

«Сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды», – деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары