204
Ақтөбедегі тікұшақ апаты: зардап шеккен екі адамның жағдайы белгілі болды
Зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты ауыр
Ақтөбе облысында апатты жағдайда қонған тікұшақ ішіндегі екі адам аурухананың жансақтау бөлімінде ем қабылдап жатыр.
Зардап шеккен екі адамның жағдайы тұрақты ауыр.
«Науқастар есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатыр. Ұшақтың құлағаны туралы ақпарат 103 қызметіне сағат 11:36–да түсті. Оқиға орнына Мәртөк аудандық ауруханасынан жедел бригада жетті.
Бір адам жедел жәрдем барғанша көз жұмған. Ал екеуін аэродромнан күтіп алып, күйік шалған науқастарды облыстық көпсалалы ауруханаға жеткізді. Қазір реанимация және интенсивті терапия бөлімінде жатыр. Түрлі диагностикадан өтеді», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы.