210
Қарағанды облысындағы құрылыс алаңында жұмысшы мерт болды
Қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
Қарағанды облысында салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында жұмысшы қаза тапты. Оқиға 3 қазан күні болған.
Еңбек инспекциясы басқармасының мәліметінше, қайғылы оқиға монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.
«Бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - деп хабарлады Қарағанды облысының еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасы.
Облыстық полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
«Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», - делінген хабарламада.