«Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа өнер адамдарының шынайы өмірін ашып айтты

/
«Көбіне өтірік сөйлейміз»: Роза Әлқожа өнер адамдарының шынайы өмірін ашып айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Роза Әлқожа өнер адамдарының әлеуметтік желіде көрсететін өмірі мен шынайы жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Әнші «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында өнер адамдары көп жағдайда өмірінің тек жақсы жағын көрсетуге тырысатынын айтты.

Роза Әлқожаның сөзінше, жұрт әншілердің концерттерден қомақты табыс табатынын ойлайды. Алайда өнер адамдарының қаржылық жағдайы сырт көзге көрінгендей бола бермейді.

«Көбісі әншілерді концерттен көп ақша табады деп ойлайды. Жалпы, біз баймыз. Ақша, дүние жағынан емес. Алла тағала жұрттың бәріне ақындық, сазгерлік беріп жатқан жоқ. Сол жағынан баймыз. Әйтпесе, кредиттен кредитке жүргеніңді ешкім білмейді. Мен кредитсіз өмір сүре алмаймын», – деді әнші.

Ол өнер адамдарының әлеуметтік желідегі жазбалары шынайы өмірдің толық көрінісін бере бермейтінін атап өтті.

«Біз ашылып сұхбат бермейміз, көбіне өтірік сөйлейміз. Керемет жанұя болып көрінеміз, тек жылтыраған жағын саламыз. Жұрттың бәріне ұнағымыз келеді», – деді Роза Әлқожа.

Әншінің пікірінше, адамдар жасандылықтан шаршап, табиғилыққа қайта бет бұрып жатыр.

«Жасандылықтың бәрі қалып бара жатыр. Бұрынғыдай жасанып киінбейміз, боянбаймыз. Өйткені адамзат жасандылықтан шаршайды. Табиғи дүниелерге қайтып келе жатырмыз», – деді ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары