Төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымынан босатылды

/
Төтенше жағдайлар вице-министрі лауазымынан босатылды
ТЖМ

Төтенше жағдайлар вице-министрі Батырбек Әбдішев басқа қызметке ауысуына байланысты өз еркімен лауазымынан босатылды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Айта кетейік, Батырбек Әбдішев 1977 жылы 19 маусымда Ақтөбе облысында дүниеге келген. 1999 жылы ҚР Қарулы Күштерінің Жоғары шекаралық командалық училищесін бітірген. Мемлекеттік наградалармен «Жауынгерлік ерігі үшін» медалімен және II дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған.

1995-2024 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет атқарды. 2024 жылғы сәуірде Төтенше жағдайлар вице-министрі болып тағайындалды.

Төтенше жағдайлар жүйесінде қызмет еткен кезеңінде Батырбек Әбдішев азаматтық қорғаныс жүйесін дамытуға, соның ішінде ТЖМ мемлекеттік қызметтерін цифрландыруды жетілдіруге, Төтенше жағдайлар министрлігінің IT жүйелері мен платформаларын «Smart Data Uкіmеt» аналитикалық платформасымен біріктіруге, ТЖМ мен оның комитеттері және бағынышты ұйымдарының қызметін қайта жобалау мен цифрландыруға елеулі үлес қосты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар