ШҚО-да заң бұзған 7 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды

/
ШҚО-да заң бұзған 7 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды
Polisia.kz

Шығыс Қазақстан облысында көші-қон қызметінің қызметкерлері шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің заңнама талаптарын сақтауын, оның ішінде ел аумағында болу және еңбек қызметін жүзеге асыру заңдылығын тексеріп жатыр, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тексерулердің бірінде көршілес мемлекеттің 7 азаматы уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істегені және Қазақстанда уақытша болуға құқық беретін құжаттары болмағаны анықталды. Көші-қон заңнамасын қайталап бұзғаны үшін шетел азаматтары Қазақстан аумағынан шығарылды. Оларға Қазақстанға бес жыл мерзімге кіруге тыйым салынды.

Шетел азаматтарының еңбегін пайдалану кезінде заңнама талаптарын бұзған жұмыс беруші де әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

— Көші-қон заңнамасының сақталуына бақылау тұрақты негізде жүргізіледі. Шетел азаматтары мен жұмыс берушілердің белгіленген талаптарды сақтауы маңызды, — деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ринат Шкибаев.

Көші-қон қызметі ескертеді: шетел азаматтары Қазақстанда еңбек қызметін қажетті рұқсат құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыра алады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар