«Бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын»: Роза Әлқожа енесі туралы айтты

/
«Бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын»: Роза Әлқожа енесі туралы айтты
Әлеуметтік желіден

Танымал әнші Роза Әлқожа жас босанған әйелге көрсетілетін күтім туралы сөз қозғап, өзіне енесі қарайласпағанын айтты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі бес баланы дүниеге әкелгенде арнайы күтім көрмегенін айтты. Оның сөзінше, енесі мұндайды білмейтінін ашық айтқан.

«Енем мен бала туған кезде "сені күте алмаймын, ондайды білмеймін. Мені күтпеген" деді. "Жақсы" дедім. Бес бала тудым, ешқайсында күтінген жоқпын. Шауып жұмыс істеп кете бердім», – деді әнші.

Алайда Роза Әлқожа келіні босанған кезде оған барынша жағдай жасауға тырысқанын атап өтті. Ол келінін жатқызып қойып, үй шаруасының бәрін өзі атқарған.

«Ал мен келініме олай істемеймін. Келінімді жатқызып қойып күттім. Өзі үй жинап, ыдыс жуып, тамақ істедім. Өйткені ол – менің ұрпағымның анасы», – деді ол.

Әнші жас анаға күтім жасауды кез келген адам үйрене алатынын айтып, бұл бағыттағы өзгерісті өзінен бастағанын жеткізді.

«Қайдан білсең оннан біл, қазір ақпарат көп қой. Күтуді үйренуге болады. Мал төлдеген кезде де қарайсың ғой, қозы туылғанда жаның ашиды. Оның қасында адам туылып жатыр ғой. Сондықтан мен өзгерісті өзімнен бастадым», – деді Роза Әлқожа.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары