Мөлдір Әуелбекова кімге ғашық екенін айтты

/
Мөлдір Әуелбекова кімге ғашық екенін айтты
Әлеуметтік желіден

Қазақстандық әнші Мөлдір Әуелбекова жеке өміріне қатысты ойын айтып, қазір біреуге емес, өзіне ғашық екенін жеткізді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі «Шайдың қыздары» бағдарламасына қатысып, көрерменнің «Қазір кімге ғашықсыз?» деген сұрағына жауап берген.

Әнші бұл жолы сауалды әзілге бұрмай, қазіргі ішкі жағдайын ашық айтты.

«Мен қазір өзіме ғашықпын. Біреуге ғашық болып шаршадым», – деді Мөлдір Әуелбекова.»

Оның айтуынша, өмірінде болған түрлі жағдайлар оған көп нәрсені түсінуге себеп болған. Әнші адамның ең алдымен өзін бағалап, өзін жақсы көруі маңызды екенін кейін түсінгенін айтты.

Мөлдір Әуелбекова бұл ойға әсіресе 40 жасқа келгенде анық көз жеткізгенін атап өтті.

Әнші бұған дейін де жеке өміріне қатысты пікірлерімен бөліскен. Бұл жолы ол нақты адам туралы емес, өзінің қазіргі өмірге және махаббатқа деген көзқарасы туралы айтты.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары