456
Көкшетауда тұрғын үй өртеніп, ер адам балконнан секіріп кеткен
Өртсөндірушілер өртті сөндіріп, жалынның көрші пәтерлерге өтуіне жол бермеді
Көкшетауда жанып жатқан пәтерден тұрғындар эвакуацияланды, деп хабарлады ІІМ баспасөз қызметі.
Мәлімет бойынша, 4 қазанда кешкі уақытта патрульдік полиция қызметкерлері Аманжол Мұратов пен Мейрам Шайжановқа Сүлейменов көшесіндегі тұрғын үйдің 4-қабатында өрт шыққаны туралы хабар түскен.
Оқиға орнына келгенде өрттің пәтердің едәуір бөлігін шарпығанын көрдік. Өрт кезінде ер адам балконнан секіріп кетті, ал менің әріптесім жедел жәрдем келгенге дейін оның жанында болды. Пәтердің ішінде тұрғындар болды, өртсөндірушілер жалынды ауыздықтаумен айналысып жатқанда, біз адамдарды эвакуациялай бастадық", – деді Мұратов.
Тәртіп сақшылары екі баласы бар ананы, әжей мен әйел адамды тез арада қауіпсіз жерге шығарған. Өртсөндірушілер өртті сөндіріп, жалынның көрші пәтерлерге өтуіне жол бермеді.