1181
24 адамның бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды
Егер оның кінәсі дәлелденсе, өмір бойына бас бостандығынан айырылады
Угандада адамның 24 бас сүйегін үйінде сақтаған емші ұсталды. Полиция болжамынша, ол адамдарды құрбандыққа шалуы мүмкін, деп хабарлады turkystan.kz порталы Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
ВВС хабарлауынша, ұсталған Дамулира Годфридің кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойына бас бостандығынан айырылады. Емші Уганда астанасы Кампаланың маңындағы елді мекенде тұрады. Адамның бас сүйектерінен басқа жануарлардың сүйектері мен терілері де табылды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.
Дамулира Годфри өзін дәстүрлі емші және шөп дәрігері деп атайды. Алайда, Уганда дәстүрлі емшілер қауымдастығының мүшесі емес.
Айта кетерлігі, бұл елде халықтың басым көпшілігі (шамамен 84%) христиан, ал қалғанының барлығы дерлік (14%) мұсылмандар.