Парижге аттанған Қазақстан құрамасындағы ең жас атлет Батырхан Төлеуғали Париж Олимпиадасының ширек финалына шыға алмады.
Ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Батырхан 1/8 айналымда екі дүркін әлем чемпионы, италиялық Симоне Алессиомен кездескен болатын.
Тартысты жекпе-жекте тәжірибелі италиялық спортшы 2:0 есебімен жеңіске жетті.
18 жастағы спортшының бұл – тұңғыш Олимпиадасы.