Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Тоқаев Өзбекстан президентін Ақордада қарсы алды
Akorda
764

 «Ақорда» резиденциясында Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды. Құрмет қарауылының бастығы президенттерге рапорт беріп, екі мемлекеттің әнұрандары шырқалды.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары келіссөз залына барды.

Серіктес жаңалықтары