Ұлттық құраманың Ұлттар лигасына дайындығы қалай?

УЕФА Ұлттар лигасының күздегі ойындарына дайындық жұмысы қыза түспек.

Ұлттық құраманың Ұлттар лигасына дайындығы қалай?
Сурет: ҚФФ
497

Қазақстан футбол федерациясы кеңсесінде УЕФА Ұлттар лигасының күздегі ойындарына толыққанды дайындық жұмысы жалғасып жатыр, деп хабарлады turkystan.kz ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов команданың дайындығына кірісіп, бапкерлер штабы оқу-жаттығу жиынының дайындық жоспарын түзді. Ұлттық құрамаға үміткер футболшыларға талдау жұмысына аса назар аударылды. Бапкерлер штабы олардың әрқайсымен және жаттықтырушыларымен жеке байланыс орнатты. Дайындық барысында зум-конференциялар өтіп, ойындарына талдау жасалынып жатыр", - делінген хабарламада.


Айта кетейік, тамыз айының басында Станислав Саламұлы «Астана» – «Милсами» (1 тамыз), «Қайрат» – «Елімай» (3 тамыз), «Астана» – «Тұран» (4 тамыз) матчтарын стадионнан тамашалап, Ұлттық құрама футболшыларының ойынын бақылайды.

Серіктес жаңалықтары