Төтенше жағдайлар департаменті құтқарушылары тау өзенінің бойында фотоға түсемін деп тайып жығылып, суға ағып кеткен жасөспірім қызды іздеп жатыр.
28 шілдеде сағат 10:41-де Түркістан облысы ТЖД кезекші-диспетчерлік қызметіне 16 жастағы жасөспірімнің «Сайрам-Өгем» аумағы Қасқасу ауылынан 15 км қашықтықта Сайрам-су таулы өзеніне батып кеткені жайлы ақпарат түскен. Жас қыз фотосессия жасап жүріп, абайсызда жығылып қалған.
Іздестіру құтқару жұмыстарына Түркістан облысы ТЖД 37 қызметкері, 1 жүзу құралы және 4 техникасы, Түркістан облысы ПД 6 қызметкері және 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардан 11 қызметкер жұмылдырылды.
«Түркістан облысының ТЖД азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады», - деп жазылған хабарламада.