Ресей блогерлері курс өткізіп, оқыту үшін лицензия алуға тиіс болады

Бастама авторлары білім беру қызметімен айналысу үшін міндетті мемлекеттік лицензиялауды енгізуді, сондай-ақ ақпараттық-консультациялық қызметтердің білім беру қызметтеріне жатпайтынын заңда бекітуді ұсынады.

Ресей блогерлері курс өткізіп, оқыту үшін лицензия алуға тиіс болады
сурет: istockphoto.com
1092

Ресейде блогерлер білім беру қызметімен айналысу үшін лицензия алуға міндеттеледі. Заң жобасы дайын және жақында Ресей Мемлекеттік Думасына қарауға жіберіледі, деп жазады Известия басылымы.

Қазір білім беруге қатысы жоқ көптеген блогер осы салаға арналған салық жеңілдіктерін пайдаланып жүргені айтылған. 

Бүгінде ақпарат және білім беру қызметтері нарығы, соның ішінде интернетті пайдалану арқылы көрсетілетін қызметтер, ең перспективалы саланың бірі саналады. 2022 жылы тек онлайн мектептердің жалпы табысы 95 миллиард рубльге жетті. 2023 жылдың бірінші тоқсанында бұл сегменттегі кіріс 46,7 миллиард рубльді құрады, ал жылдың қорытындысы бойынша онлайн мектептердің айналымы жыл сайын 30%-ға өсіп, 123 миллиард рубльге жетті, — деп жазылған құжаттардың түсіндірме жазбасында.

Бастама авторлары білім беру қызметімен айналысу үшін міндетті мемлекеттік лицензиялауды енгізуді, сондай-ақ ақпараттық-консультациялық қызметтердің білім беру қызметтеріне жатпайтынын заңда бекітуді ұсынады.

Серіктес жаңалықтары